Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Грузия және Қырғыз Республикасы футболшыларымен ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Грузия және Қырғыз Республикасы футболшыларымен ойнайды

28.01.2016
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Грузия және Қырғыз Республикасы  футболшыларымен ойнайды

2016 жылдың 29 наурызында Қазақстан Ұлттық құрамасы Тбилисиде Грузия футболшыларымен кездеседі. Ал, 30 тамыз күні сырт алаңда Қырғыз Республикасы құрамасымен ойнайды.

Қазақстан Ұлттық құрамасы Грузия футболшыларымен 2006 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінде бір топқа түскен еді. Алматыда өткен ойында біздің футболшылар 1:2 есебімен жеңілсе, Тбилисиде өткен матч 0:0 есебімен аяқталды. Қазақстан мен Грузия құрамалары арасындағы соңғы матч 2013 жылдың 14 тамызында «Астана Арена» стадионында өтті. Сол кездесуде Сергей Хижниченко соққан голдан кейін Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан Ұлттық құрамасы Қырғыз футболшыларымен 7 жолдастық кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті. Ал, екі ойында жеңімпаз анықталмады. Екі елдің құрамалары арасында соңғы матч 2014 жылдың 5 қыркүйегінде «Астана Арена» стадионыда өткен еді. Сол ойында Қазақстан құрамасы 7:1 есебімен айқын жеңіске жеткен болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары 26 наурыз күні Түркияның Анталия қаласында жолдастық матч өткізетіні хабарланған еді. 

  

ҚФФ баспасөз қызметі

Хабарламаларға жазылу