Бұл туралы археологиялық зерттеу жұмыстарының жетекшісі түркиялық профессор Ахмет Ташагыл TIKA-ның баяндамасында мәлімдеді.
«Біз бірқатар археологиялық жаңалықтарды аштық. Алайда, олардың ең елеулісі 1300 жыл бұрын бедерленген саусақ іздерін тапқанымыз. Бұл өте қызықты тарихи жаңалық», - дейді профессор Ахмет Ташагыл.
Тоныкөк ескерткіші Түркі әлемінің тарихындағы ең ежелгі мұраның бірі. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған археологиялық жұмыстарды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында аймаққа 11 шақырым тасжол салдырған.
Сондай-ақ, Тоныкөк ескерткішінің маңайына музей салу жоспарлануда.