Отбасындағы Сара ақын қандай?
«Әкем әскери адам болғандықтан, біз тәртіпке берікпіз. Әкем айтқан дүние уақытында орындалуы шарт. Өз отбасымда, ұлдарыма белгілеп қойған аздаған тәртібім бар. Тәрбиеден алғаным болар, балаларым кішкентай болса да, белгіленген уақытта ұйықтап, тамақ ішіп, дұрыс сөйлесу жөнінде белгілі бір ереже бар».
Мықты ақын болу үшін не қажет?
«Мықты ақын болу үшін өжеттілік, жігер керек. Себебі, талай адамның алдына шығасың, сол кезде жай ғана таланттың бары аздық етеді. Әрине, мұның ең басында – иман тұр. Имансыз ештеңе өнбейді»,-дейді ақын.
Шәкірт тәрбиелеу ойда бар ма?
«Шәкірт тәрбиелеу – үлкен жүк. Бар ынта-назарың сонда болуы керек. Ұстаз – ұлы ұғым. Сол себепті де шәкірт тәрбиелеу - болашақтың еншісінде».