Мерейтойлық датаға орай ақынның туып-өскен ауылы әдеби айлық жариялады. Айлықтың негізгі мақсаты – ақынның шығармашылығын насихаттау, жастарды қазақ әдебиеті мен тарихын, мәдениетін білуге талпындыру.
Абыз ақынның мерейтойына арналған шарада оқушылар Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды. Әдеби кеш ұйымдастырып, оқушылар ақынның жырларын жатқа оқыды. Жамбыл Жабаевтың музейін аралап, ақынның көзін көрген жандармен жүздесіп, естеліктерін тыңдады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқушылар, әсіресе, Жамбыл Жабаевтың шөбересі Мәулен Қожашевпен тілдесуден ерекше әсер алды.