Мәскеудің «Сколково» инновациялық орталығы заман талабына сай 50 жобаны елге әкелуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеудің «Сколково» инновациялық орталығы заман талабына сай 50 жобаны елге әкелуге дайын

25.01.2016
Мәскеудің «Сколково» инновациялық орталығы заман талабына сай 50 жобаны елге әкелуге дайын

Бұл бастама туралы 22-23 қаңтар күні Мәскеу қаласына жұмыс сапармен барған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Сколково» инновация орталығы басшылығының кездесу барысында айтылды. Келісім кезінде білікті мамандар даярлау аясын кеңейту де сөз болды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында қос тарап «Байқоңыр» кешенінде телекоммуникация және ғарыш саласын дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істеу мәселесін талқылады. Нақтылап айтқанда, сөз кіші жерсеріктерін ұшыру туралы болды. «Сколково» орбиталық ұшыру орталығы мен Мәскеу авиациялық институтының алғашқы жерсерігі 2016 жылдың қазан айында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылады деп жоспарлануда. 

Мәскеуліктер Қызылорда облысынан барған әріптестеріне Сколковск ғылым және технологиялар институтында жүзеге асырылып жатқан  инженерлік білім берудің жаңа моделін таныстырды. 

Облыс әкімі Сколковск институтының магистрлік бағдарламасына қызығушылық танытты. Соңғы екі жылда Қызылорда облысының 320 жас өрені Мәскеу мен Санкт-Петербургтың инженерлік-техникалық білім беретін ошақтарында білім алып жатқандығын ескерсек, екі жақтық келісімнің пайдасы зор.  

Хабарламаларға жазылу