Алғашқы көмек кезінде жіберілетін қателіктер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғашқы көмек кезінде жіберілетін қателіктер

23.01.2016
Алғашқы көмек кезінде жіберілетін  қателіктер

1.Күйген жерді маймен сылау

Күйген теріге  май жаққаннан кейін ол орынға жұқа қабық пайда болады. Сол себептен оттектің баруы қиындай түсіп,  жараның жазылуы қиындай түседі.

2.Ашық жараға  йод немесе зеленка жағу

Йод пен зеленке құрамында спирт болғандықтан жара орнында күйік пайда болдыртады. Ол жара ұзақ уақыт жазылып, тыртық қалуы мүмкін.

3. Үсіп қалған  теріні ысқылау

Аязды күндер далада көп жүргендіктен кей дене бөлшектері тонып, бозаруы мүмкін. Ондай жағдайда тонып қалған жерді ысқылау дұрыс емес. Адам денесі тонған кезде қантамырлары жиырылып, сол жерде қанайналым жүйесі бәсеңдейді.  Тонған денені ысқылаған сәтте теріге  микрожарақаттар пайда болып, дененің жансыздануы мүмкін.

4. Дене қызуы мен қалтырау кезінде қымтану

Қызу көтерілген кезде дене жылуын реттеу жүйесі бұзылады. Сол себептен адам қалтырап, тонады. Ондай кезде жылы киініп, көрпемен қымтану дене қызуының  түсуіне  әсер етпейді.

5. Мұрын қанағанда артқа қарай шалқаю

Мұрын қанаған кезде басты артқа қарай шалқайтқан дұрыс емес. Себебі, ол қанды тоқтатпайды керісінше қан жұтқыншақпен асқазан жолына барады.

6. Марганцовка – қауіпті дәрі

Астан уланған кезде марганцовканы ішу қауіпті. Себебі,  марганцовка микрокристалдардың  жинағы.  Судағы ерінтіндіде  осы кристалдар алқызыл түс береді. Кристалдар толық ерігеннен кейін дәкеден бірнеше рет сүзу қажет. Өйткені, дұрыс ерімеген ерітінді асқазанның шырышты қабығында химиялық күйік қалыптастырады.

Хабарламаларға жазылу