Заманауи үрдіс көрсетіп жатқандай, адамдар кейінгі жылдары аз ұйықтап, семіре бастады. Осы факторлар бір-бірімен байланысты болуы мүмкін бе? Адамға арықтау үшін ұйқы маңызды ма?
Көп салмақты тастау үшін көп ұйықтау керек деген пікір қоғам арасында кеңінен тарап жатыр. Көп адамдар, таңертең жүгіріп, диетаға отырудың орнына ұйқыларын қандыруға тырысады.
Осыған байланысты, Оңтүстік Австралия Университетінде профессор Тим Олдс пен доктор Кэрол Майердың басшылығымен ұйқының адам арықтауына тигізетін әсерін зерттейтін үлкен топ жұмыс істеп жатыр.
Зерттеушілердің айтуынша, адам аз ұйықтағанда қандағы қант мөлшері көбейеді. Лептин мен грелин гормондарының деңгейі өзгеріп, адам көп жегісі келеді. Демек, адам ұйқыдан арықтап кете ала ма деп сұрасаңыз, сізге сөзсіз ия деп жауап береді.
Ұйқы жетіспеушілігі нәтижесінде, адам семіріп қана қоймай, сонымен қатар оның денсаулығы, есте сақтау қабілеті де нашарлайды. Қалыпты ағзаға 8-9 сағат бойы ұйықтау қажет, бірақ шектен тыс ұйықтау да семіруге әкеліп соғуы мүмкін.
Бірақ есіңізге сақтаңыз, сіз тек қана ұйықтап, артық киллограмдарды түсіре алмайсыз. Ғалымдардың айтуынша, ұйықтататын дәрі ішсеңіз де, жағымды әсер тек бірнеше жылдардан кейін білінеді. Сондықтан, артық сағат ұйықтағанның орнына, көбірек далаға серуендеуге шыққаныңыз жөн.