Қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған Ұлттық арна қызметкерлері бұл жолы Астана қаласының тұрғыны Шолпан Шарипованың үйіне барып, көмек көрсетті.
«Қандай жағдай болса да, халық бірігуі керек. Реті келсе ақшалай көмек көрсет, ақыл-кеңес бер, қол көмегін жаса. Әрқайсымыз қайырымдылыққа ұмтылып тұрсақ, қоғамда жақсылық көбейеді», дейді қоғам қайраткері Мұрат Әбенов.
Шолпан Шарипова - жанына әншілік өнерді серік еткен. Тіпті актерлік шеберлікті де меңгерген. Алайда, сахнаға шығуға сырқаты мүмкіндік бермеді.
Тағдырдың талай сынағына тап болса да, өмірге деген құлшынысын жоғалтпаған жан «Ұлттық арна ұжымына айтар алғысым шексіз», дейді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.