2015 жыл тарихқа «Ең жылы жыл» болып енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жыл тарихқа «Ең жылы жыл» болып енді

21.01.2016
2015 жыл тарихқа «Ең жылы жыл» болып енді

Өткен жыл соңғы 136 жыл ішіндегі (осынша уақыт аралығында тұрақты метеобақылау жүргізіліп келеді) ең жылы жыл болып танылды. Мұндай мәліметті НАСА мен АҚШ-тың океаникалық және атмосфералық зерттеу басқармасы таратты.

Мысалы, өткен желтоқсан айы АҚШ-тың құрлықтық бөлігінде 1895, ал Еуропада 1919 жылдан бергі «ең жылы» ай болды.

«Бұл атмосферадағы көмірқышқыл газына байланысты. Себебі ол біздің Жерімізді «көрпе» сияқты қаптап, барлық жылуды осы планетада сақтап тұр», - дейді НАСА зерттеушісі Котон Такер.

Ғалымдар 2015 жыл жаһандық жылудың жалғасы болғанын айтады. Сонымен қатар, Жер температурасының көтерілуіне адамзат тек соңғы 35 жылда көп «үлес» қосқан.

Хабарламаларға жазылу