Бразилияда шағын ұшақтың жолаушылар толы жеңіл көлікке құлауының салдарынан кемінде 5 адам қаза болып, тағы 5 адам дене жарақаттарын алды.
Бұл туралы бүгін Синьхуа агенттігі хабарлады.
Аталмыш агенттік өкілдері таратқан мәліметтер бойынша, қайғылы жадай Лондрина қаласында болған. Ұшақ болса, ауыл шаруашылығымен байланысты жұмыстарды атқарып жүрген. Ал көліктегі жолаушылар осы аймақтағы автомагистральдардың жұмысшылары болған, делінеді агенттік таратқан хабарламада.