Атыраулық Мәди Омаров - қардан мүсін жасаудың шебері. Бұл - зейнет жасындағы қарияның хоббиі іспетті. Қар жауса, түрлі бейнелерді жасауға кіріседі. Осылайша, тұрғындарға қуаныш сыйлап жүр.
76 жастағы қария жылан, аю, қолтырауын мен Аяз атаның мүсінін мұздан қалыптап шыққан. Жас кезінде аспаз қызметін атқарған ақсақал «Бос уақытың мен денсаулығың болса еңбектену қажет», дейді.
Ардагердің болашақта мүсін жасаудан рекорд орнатпақ ойы да бар. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.