23 жасында техника ғылымдарының кандидаты атанған Сүндет Кәрімов бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде дәріс береді. Еліміздегі ең жас профессор кандидаттығын шитті мақта талшығын алғашқы өңдеу әдістерін жетілдіру бойынша қорғап шықты. Жас ғалым Халықаралық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі.
Сүндет Смаханұлы ғылым саласында бір ғылым кандидатын, жеті магистр даярлап шығарған. Сондай-ақ, бірнеше ғылыми жобаның, 50-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Ол жазған оқулықтар мектеп және университеттің оқыту бағдарламасына енген.
Сүндет Кәрімов сондай-ақ, шығармашылықпен де айналысады. «Қылыштың жүзінен де өткір өмір», «Өткен күннің белгісі» атты өлең және әңгімелер жинағы, бірнеше кітабы Мәскеудегі Орталық кітапханада тұр.
Ал, ендігі жұмысы жасыл технология тақырыбына арналмақ. Ол замандастарының білімді болғанын қалайды. «Ғылымда кенже қалсақ, өркениеттен де алыстаймыз», дейді профессор.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.