Әлемнің 76-ракеткеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымда әлем рейтингінде 18-орында тұрған даниялық Каролин Возняцкимен кездесіп, 1:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Екі теннисші бұған дейін бір-бірімен кездеспеген. Юлия Путинцева келесі кезеңде қытайлық Хань Синьюньмен күш сынасады.
Айта кетейік, Юлия Путинцевадан бөлек Австралия Ашық чемпионатына Зарина Диас, Ярослава Шведова және Михаил Кукушкин қатысуда. Олар кортқа ертең шығады.