Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде елімізде ­- 36 градус суық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде елімізде ­- 36 градус суық болады

18.01.2016
Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде елімізде ­- 36 градус суық болады

Қазгидрометтің хабарлауынша, Ресейдің Сібірдегі Таймыр өлкесінен басталған суық антицклон Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарына ықпал етеді.

Алдағы тәуліктерде 19-20 қаңтарда  қатты аяз болып, түнгі температура 30-35ºC, ал күндіз 20-25ºC аяз болады деп күтілуде.

Оған күшті жел мен бұрқасын қосылып, күн одан сайын суыта түспек.

21 қаңтарда оңтүстік циклонның тегеурінімен антициклон мен аяз шығысқа қарай ауысады.

Республиканың батысында Қара теңізден циклон ықпалымен қар жауып, желдің күші секундына 15-25 метрге дейін  жетіп, температура 3-8ºC-қа климаттық нормадан артады деп күтілуде.

Оңтүстікте ауа райы жылы, жауын-шашынсыз.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу