Бұны ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев айтты.
2015 жылы 7 жаңа бағыт ашылды. (Астанадан Қазан, Сеул, Париж, Тбилисиге дейін, Атыраудан Минеральные Водыға, Қызылордадан Мәскеуге, Алматыдан Томскіге).
Азаматтық авиация саласын дамыту бойынша бүгінде аймақтық әуе хабын дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Комитет қызметін Британияның азаматтық авиация агенттігі үлгісіне бағыттай отырып реформалау бойынша жұмыстар қолға алынды.
Осы мақсатта 2015 жылғы 3 қарашада министрлік пен Британияның азаматтық авиация агенттігі (UKCAAi) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында ИКАО-ның валидациялық миссиясын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.