АҚШ босқындарға көмек көрсету үшін 70 миллион доллар бөлетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ босқындарға көмек көрсету үшін 70 миллион доллар бөлетін болды

14.01.2016
АҚШ босқындарға көмек көрсету үшін 70 миллион доллар бөлетін болды

АҚШ Президенті Барак Обама өз елінің босқындарға шұғыл көмек көрсету үшін құрылған арнайы мемлекеттік қорынан 70 миллион доллар бөлу жөнінде нұсқау берді.  

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы мәселеге қатысты тапсырма Мемлекеттік хатшы Джон Керриге берілді. 70 миллион доллар босқындар мен мигранттардың Құрама Штаттарға жіберілуі кезінде пайда болатын жоспарланбаған, шұғыл түрдегі қажеттіліктеріне жұмсалады.   

2015 жылдың 30-қыркүйегіне дейін АҚШ-қа 85 мың босқын кіргізілген. Бұл алдын ала болжамдағандағыдан 10 мың адамға көп. Ал, биылғы жылы олардың саны 100 мыңға ұлғаяды. Соңғы жылдары АҚШ-қа келуші босқындар үшін квота саны 70 мың адам көлемінде тұрақты болған. Сондай-ақ АҚШ-қа Сириядан келіп жатқан азаматтар саны 1,5 мың адамды құрады. Өткен жылдың күзінде Обаманың әкімшілігі Сириядағы босқындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін 419 млн доллар бөлетіндігін жария еткен болатын.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнесттің хабарлауынша, бұл қаржы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері арқылы үлестіріледі. Сондай-ақ аталған қаржы медициналық заттар мен азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарды алуға жұмсалады.  Оның сөзінше, Сирияда қақтығыс басталғалы АҚШ гуманитарлық көмек үшін 4,5 млрд доллар жұмсады, деп жазады tass.ru агенттігі.

Хабарламаларға жазылу