Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

13.01.2016
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ашық болады, елдің солтүстігінде ғана атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасындатады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Ақмола, Павлодар,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, желдің күші - 15-20, Шығыс Қазақстан облысында ұйтқуы 25 м/с-қа дейін  күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасынды, тұманды болады, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін  жетеді.

Қарағанды облысында түнде тұман түседі,  бұрқасын жүреді, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарында күндіз желдің күші 15-20 м/с болады, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні  15-20 м/с-қа дейін  күшейеді.

Хабарламаларға жазылу