Ақын Оңайгүл Тұржан - «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Оңайгүл Тұржан - «Таңшолпанда» қонақта

06.01.2016
Ақын Оңайгүл Тұржан - «Таңшолпанда» қонақта

Оңайгүл Тұржан 2015 жылы әлемнің 28 елінен 800 ақын-жазушы, суретші, киногерлер сайысқа түскен  «IV Open Eurasia and Central Asia» халықаралық байқауында  әдебиет санаты бойынша финалға өткен 15 үміткердің қатарында.

Сондай-ақ, өткен жылы Лондонда өткен Қазақ өнері фестивалі аясында ағылшын тіліндегі өлеңдер жинағының тұсауы кесілді.

«Өткен жылға ризамын. Осы жетістіктердің барлығы шығармашылығыма шабыт берді», дейді ақын.

«Әркім өз өмірінің президенті. Ең қиыны, ол тақтан өз қалауыңмен түсіп кете алмайсың. Кеше не істедің, ертеңгі жоспар қандай болмақ? Осы сауалдарға жауап беріп отыруға тиістісің». Бұл - қаламгердің өмірлік ұстанымы.  

Ақын бүгінгі заманның жастары туралы қандай пікірде? Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу