Ас үйде шәйдің қандай түрлері болуы керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ас үйде шәйдің қандай түрлері болуы керек?

03.01.2016
Ас үйде шәйдің қандай түрлері болуы керек?

Шәй – көпшіліктің сүйікті сусыны. Оның кейбір түрі адам денсаулығына оң әсерін тигізеді. Сондықтан асүйде міндетті түрде болуы керек.

Әлемде бұл хош иісті сусынның түрлері өте көп. Бірі – денені босаңсытса, енді бір түрі – салқын тигеннен болатын аурулардың алдын алады.

Ғалымдардың айтуынша, сау және сергек жүру үшін әр адамда  шәйдің 5 түрі болуы керек.

Көк шәй

Бұл - сымбатты көрінгісі келетін адамдарға таптырмайтын сусын. Бір шыны көк шәй (қантсыз) зат алмасуды күшейтіп, ағзаны  шлактардан тазартады.

Сондай-ақ, бұл сусын ағзаны қартаюдан қорғайтын табиғи антиоксиданттардың қайнар көзі болып есептеледі.  Көк шәй жүрек пен тамырларды қатайтады. Сонымен қатар, қатерлі ісікке қарсы қасиеттерімен де танымал.

Ақ шәй

Бұл  - шәйдің ерекше түрі. Мұндай шәйдің жапырақтарын өңдеу кезінде шиыршықталмайды және  ферменттелмейді.

Мамандар ақ шәйді әйелдерге жиі ішуге кеңес береді. Себебі мұндай сусын  сүт безі обырынан қорғайды.  Сондай-ақ, қан қысымын реттеп, ағзаны зиянды заттардан тазартады.

Түймедақ шәйі

Кептірілген түймедақ гүлдерінен емдік қайнатпа әзірленеді. Шәй ағзаны шлактардан тазартуға септігін тигізеді. Сонымен қатар,  ол табиғи антисептикалық және суық  тиюден қорғайтын зат ретінде қолданылады. Себебі түймедақ – С дәруменінің қайнар көзі.

Шөптен жасалған қайнатпа теріні тазарту үшін де пайдаланылады.

Эхинацея

Эхинацея қайнатпасы – тұмауға қарсы дәрі.  Егер оны  тұмаудың алғашқы белгілері пайда болғанда ішсе, жуық арада сауығуға көмектеседі.

Сонымен қатар, эхинацея ағзаның қорғаныс қабатын жақсартады.

Зімбір

Суық күндері тоңазытқышта міндетті түрде зімбір тамыры мен лимон болуы керек. Мұндай заттардан үй жағдайында хош иісті және сергітетін сусын әзірлеуге болады.

Сусынның дәмі өзгеше болғандықтан, оны балмен ішкен жөн. Ғалымдардың айтуынша, зімбір және лимоннан әзірленетін шәй тек тұмаудың алдын алып қана қоймай, сальмонеллез ауруын емдейді.  

 

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді 

Суреттер интернеттен алынды

Хабарламаларға жазылу