Шамамен үш мың жыл бұрын Қытай императоры жануарларды үйрету және әрекеттерін зерттеу үшін олардың коллекциясын жинай бастады.
Император «Әуесқойлар паркі» деп атаған бұл жануарлар коллекциясы әлемдегі ең алғашқы зообақ саналады.
Зообақтың қазіргі анықтамасы - жабайы аңдар, құстар және бауырымен жорғалаушылар мекен ететін жабық аймақ. Оған келушілер жануарлардың әрекеттерін бақылай алады.
Ал, IX ғасырда дүниежүзі бойынша алғашқы қоғамдық зообақтар ашыла бастады. 700-800 жылдардан кейін үлкен қалаларда олардың саны арта бастады.
Жануарларды үйде ұстау да ежелден қалыптасқан дәстүрге айналған. Уақыт өте келе кейбірі оларды арнайы қоршауда өздерінің бақылауында ұстай бастады. Бұдан өзге, ғажайып жануарларды асырау байлық пен дегдарлықтың белгісі саналды.
Әлем бойынша ең ірі зообақтар АҚШ, Англия және Германияда орналасқан.