Лифтті нақты бір адам ойлап тапты деп айта алмаймыз, бірақ, ұзақ дамудың нәтижесінде пайда болған. Оның әртүрлі механизмдері осыдан бірнеше ғасыр бұрын-ақ пайда болған.
Ежелгі гректер түрлі заттарды блоктар мен жүкшығырларды пайдаланған.
Блок – жіп оралып тұратын дөңгелек құрылғы.
Жүкшығыр – жіптің соңғы байланатын, үлкенірек дөңгелек немесе барабаны бар механизм. Оның тұтқасын айналдыру арқылы жіппен ауыр заттарды көтеретін болған.
XVII ғасырда «ұшатын үстел» пайда болған. Ол жоғары қабатта тұратын адамдарды блоктардың қозғалысы арқылы жоғары көтеріп отырған. Үстел мен оның механизмі ғимараттың сыртында орналасқан. Бірақ, бұл «ұшатын үстел» кең қолданыс таппады.
XIX ғасырдың алғашқы жартысында лифт тек жүк көтеру құрылғысы ретінде ғана қолданыста болған.
Алғашқыда адамдар лифтті көтеретін жіп үзіліп, құлап кетеміз деп үрейленген. Кейінірек америкалық Елиш Отис қауіпсіздік амалдарын ойлап тапқан кейін лифт үлкен сұранысқа ие бола бастады.
Ал, қазіргі қолданыстағы электрлі лифтті неміс инжері Вернер фон Сименсон ойлап тапқан.