Темір жол вокзалында жолаушыларды Жаңа жыл мерекесімен Аяз ата мен Ақшақар құттықтап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темір жол вокзалында жолаушыларды Жаңа жыл мерекесімен Аяз ата мен Ақшақар құттықтап жүр

31.12.2015
Темір жол вокзалында жолаушыларды Жаңа жыл мерекесімен  Аяз ата мен Ақшақар құттықтап жүр

Алғашқы құттықтаулар қысқы каникулға сапарға шыққан балаларға арналады.

Өнерлерін ортаға салып, өлең оқып, ән салған, би билеген балғындарға тәттілер мен сыйлықтар беріледі. Ересек жандарға сәт сапар тілеп, жолашар ақжарма тілектер айтылады.

Ертегі кейіпкерлері Жаңа- жылда Алматы-1, Алматы-2, Ақтөбе, Қарағанды вокзалдарында жолаушыларды құттықтайды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Қазірдің өзінде вокзал маңдары Жаңа жылдық әшекейлермен безендірілген.

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу