Балғындар Жаңа жыл мерекесін көңілді тойлап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балғындар Жаңа жыл мерекесін көңілді тойлап жатыр

25.12.2018

Астана іргесіндегі Қажымұқан ауылындағы «Қошақан» балабақшасында жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Бұл ертеңгілікке Аяз ата мен Ақшақар жəне ертегі кейіпкерлері келіп, бүлдіршіндерді құттықтады. Балабақша меңгерушісі мерекелік шараға жиналған бүлдіршіндерді жəне олардың ата-аналарын келе жатқан Жаңа 2019 жылмен құттықтады. Ертегі кейіпкерлері мен Аяз ата, Ақшақар алдында балақайлар тақпақтарын айтты. Балғындар шыршаны айналып, əн шырқап, би биледі. Мерекелік ертеңгілік аяқталар сəтте əр бүлдіршінге сыйлықтар таратылды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу