Бензин бағасына мерекелік жеңілдік жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бензин бағасына мерекелік жеңілдік жасалды

17.03.2016
Бензин бағасына мерекелік жеңілдік жасалды
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Ресей нарығындағы құбылмалы баға көрші елдерге әсерін тигізуі ықтимал екенін айтты.

Елімізде бензин бағасы тағы өзгеруі мүмкін. Себебі, Ресейдегі акциздік алымның өсуі бізге ықпалын тигізбей қоймайды. Өйткені, Қазақстанға импортталатын жанар-жағармайдың үштен бір бөлігі осы елден тасымалданады.

Ал, көрші мемлекет 1 наурыздан бастап кедендік баж салығын 24 пайызға төмендетті. Бұдан бөлек, жаңа жылдан бастап ол жақта акциздік алым көтерілді. Бұл – бөлшек сауда бағасының өсуіне алып келері сөзсіз.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Ресей нарығындағы құбылмалы баға көрші елдерге әсерін тигізуі ықтимал екенін айтты.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу