Ресейде бензин қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бензин қымбаттайды

02.03.2016
Ресейде бензин қымбаттайды
Өйткені, ел үкіметі жанар-жағармайдың акцизін көтерген.

Бірінші сәуірден бастап Ресейде бензин қымбаттайды. Өйткені, ел үкіметі жанар-жағар майдың акцизін көтерген. Салық кодексіне енгізілген бұл өзгеріс сәуірдің бірінде күшіне енеді.

Мамандар баға шамамен 7-8 пайызға артады деп топшылайды. Бұл біздің елдегі бензин бағасына да әсер етеді, дейді сарапшылар. Себебі, тұтынатын мұнай өнімдерінің 40 пайызы дәл осы Ресейден импортталады.

Индира ТҰРСЫНБАЙ

Хабарламаларға жазылу