Барнауылдағы халықаралық фестивальде Құрманғазы күйін орындаған Жұлдыз Жұмаділова 1-ші орын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барнауылдағы халықаралық фестивальде Құрманғазы күйін орындаған Жұлдыз Жұмаділова 1-ші орын иеленді

24.12.2015
Барнауылдағы халықаралық фестивальде Құрманғазы күйін орындаған Жұлдыз Жұмаділова 1-ші орын иеленді

«Рождестводан рождествоға дейін» атты фестивальде «Сирек музыкалық аспаптар» номинациясында бірінші орын  Павлодар Мемлекеттік университетінің студенті Жұлдыз Жұмаділоваға бұйырды.

Барнауылдағы байқауда 500-ден астам музыкант қатысқан. Жұлдыздың айтуынша, Алтай өлкесі ұлттық өзін-өзі тану және патриотизм негіздерін қалыптастыра отырып, дәстүрлі мәдениетті жан-жақты сақтауға тырысады.

«Осындай ауқымды фестивальге қатысқаныма қуаныштымын. Музыканттар осындай байқау арқылы өзін жетілдіреді. Өз еліңді, мәдениетіңді көрсете білу жүгін арқалайсың. Домбырамен Құрманғазы күйін орындадым. Рухты, терең мағыналы туынды көпшілікке ерекше әсер етті деп ойлаймын», - дейді деді Жұлдыз.

Хабарламаларға жазылу