Шаңғышы Алексей Полторанин «Тур де Ски» жарысында 7-ші келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаңғышы Алексей Полторанин «Тур де Ски» жарысында 7-ші келді

04.01.2016
Шаңғышы Алексей Полторанин «Тур де Ски» жарысында 7-ші келді

Швейцарияның Ленцерхайде мекенінде шаңғы спортынан өтіп жатқан «Тур де Ски» көпкүндік жарысының үшінші кезеңінде ерлер арасындағы еркін стильмен ізге түсіп жарысуда 10 км қашықтықта қазақстандық А.Полторанин 7-ші орын иеленді.

Ал, жарыста норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю ешкімге дес бермей, мәреге 1-ші келді. Оның отандастары Петтер Нортуг пен Финн-Хоген Крог 2-ші және 3-ші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның көшбасшы шаңғышысы классикалық стильмен 30 км қашықтықта 5-ші орынды иеленген болатын.

Хабарламаларға жазылу