Қырғызстан Бүкіләлемдік көшпенділер ойынын ұйымдастыруға 6 млн доллар бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан Бүкіләлемдік көшпенділер ойынын ұйымдастыруға 6 млн доллар бөлді

23.12.2015
Қырғызстан Бүкіләлемдік көшпенділер ойынын ұйымдастыруға 6 млн доллар бөлді

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Темір Сариев Парламент депутаттарының сауалдарына жауап беру кезінде мәлім етті.

Қырғызстанның КирТАГ агенттігінің хабарлауынша, бұл қаржы елдегі атшабарды қайта жөндеу мен Тамчи әуежайындағы жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін және жол инфрақұрылымын жөндеуге жұмсалатын болады. 

Қырғызстанның Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе бойынша демеушілермен де келіссөздер жүргізілуде.

«Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесін өткізу үшін де дайындық жұмыстары жүріп жатыр, оған қоса келер жылы елде көптеген самиттер өтеді. Сондай-ақ түркітілдес  мемлекеттердің президенттерінің кездесуі бар. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы бойынша жұмыс топтары құрылды»,-деді Т.Сариев.    

Хабарламаларға жазылу