Ауыл шаруашылығын қолдау қоры «Бизнестің жол картасы-2020» аясында несиелендіру жұмыстарын қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығын қолдау қоры «Бизнестің жол картасы-2020» аясында несиелендіру жұмыстарын қолға алды

23.12.2015
Ауыл шаруашылығын қолдау қоры «Бизнестің жол картасы-2020»  аясында несиелендіру жұмыстарын қолға алды

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның Директорлар кеңесі несиелендіру шараларына өзгерістер енгізді. Нақтырақ айтқанда, «Бизнестің жол картасы -2020» аясында шағын несиелендіру шарасын қолға алды. Аталмыш бастама моноқалалар мен  шағын қалалардың  елді мекендеріндегі кәсіпкерлердің бастамаларын қолдауға бағытталған. 

Несиені шағын және моноқалалардың елді мекендерінде өздерінің жобаларын жүзеге асырып жатқан, ісін енді бастаған және іскерлікпен бұрыннан айналысып жүрген азаматтар ала алады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаевтың айтуынша, алынатын қаржының ең үлкен сомасы 10 миллионға дейін жетеді, сыйақы ставкасы 6 пайыз, тиімді сыйақы ставкасы жылына 6,7 пайызды құрайды.  Шағын несие 4,5 жылға қарастырылған.  Бұл ретте негізгі қарызды өтеу мен сыйақы бойынша жеңілдетілген кезең қарастырылғандығын айта кету керек.

Несие алушыға қойлатын талап, оның мойнында салық пен бюджетке төленетін өзге де қарыздардың, екінші деңгейлі банктер мен өзге де қаржы институттарына төлеуі тиіс қарыздарының болмауы керек, деп хабарлайды «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу