Ауа райы: Бүгін Қазақстанда қар жауып, жел тұрып, тұман болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Бүгін Қазақстанда қар жауып, жел тұрып, тұман болады

21.12.2015
Ауа райы: Бүгін Қазақстанда қар жауып, жел тұрып, тұман болады

Көп жерлерде қар жауып, тұмен түсіп, жел тұрады. Ал, елдің солтүстігінде қар жаумайды. Бұл туралы еліміздің ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеп отыр. 

Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі.  Жамбыл, қарағанды, облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Қарағанды облысында күндіз жел тұрады.

Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетсе, Қызылорда облысында көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көкөтайғақ болып, Маңғыстауда және Атырау облысында түнде желдің күшіне секундына 15-20 метрге жетеді.   

Батыс қазақстан облысында және түнде Шығыс қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Алматыда күндіз   -4 градус болады. Елдің басым бөлігінде күнт бұлтты, Астана күндіз -18 градус болады.   

Хабарламаларға жазылу