Литр өлшем бірлігі қай сөзден шыққан? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Литр өлшем бірлігі қай сөзден шыққан?

20.12.2015
Литр өлшем бірлігі қай сөзден шыққан?

Сыйымдылық немен өлшенеді? Әрине, литрмен. Ал, литр өлем бірлігі қай сөзден шыққан? Оның тарихын білесіз бе?

Оның тарихи атауы француздың «литрон» бірлігінен шыққан. Оны сусымалы заттарды өлшеуде қолданған. Оның мөлшері қазіргі литрден кіші – 830 грамм болған. Ал, «литрон» атауы сол замандарда қолданылған сицилиялық тиынның аты «Литра» сөзінен шыққан.

Қазақстанда, Ресейда және басқа да елдерде литрді «л» әрпімен белгілейді. Алғашында оның дұрыс  халықаралық белгісі - латынның кіші «l» әрпі болды. Кейбір метрологиялық ұйымдар оны бас әріппен («L») жазуды ұсынып еді, ережеге сәйкес (егер өлшем бірлік адамның фамилиясынан құралған болса ғана, онда бас әріппен жазылады) ол қабылданбады.

Кейін өзге мемлекеттер ол белгіні 1 санымен шатастыратынын айтып, наразылық танытады. Содан, 1979 жылы ғана литрді «l» және «L» әріптерімен белгілеуге рұқсат етілген.

Сол сияқты, милилитр Еуропа елдерінде «ml» деп белгіленсе, АҚШ, Канада, Австрияда «mL» деп белгіленеді.

Айта кетейік, литр Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшемімен өлшенбейді. 

Хабарламаларға жазылу