Ұлттық арнада – «Бас жүлде» драмасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Бас жүлде» драмасы

18.12.2015
Ұлттық арнада – «Бас жүлде» драмасы

Со Джу Хи – мейірімді әрі сүйкімді қыз. Шабандоз Со Джу Хи қыздар арасындағы алғашқы бас жүлдегер атанғысы келеді.  Бұл арманы жылдам орындалуы мүмкін еді, алайда, кезекті бәйгіде жарақаттанып қалады.

Ал, жарыста мінген атына дәрі егіп өлтіруге тура келеді. Қайғы-мұңға батып отыра бермей, сергу үшін ол Чеджу аралына саяхаттайды. Бұл аралда бір жігітті кездестіреді.  

Режиссер Ян Юн Хоның «Бас жүлде» атты драмасында басты рөлдерді Ким Тэ Хи, Ян Тон Кын, Ко Ду Сим сомдайды. Фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат23:15-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу