Қытай көрерменін мойындатқан қазақ қызы Фарида Шәріпова өнер әлеміне У Йұңганның «Хасен-Жәмила» кино картинасы арқылы аяқ басты.
Саналы ғұмырын сахнаға арнаған дарынды актриса Еңлік болып егіліп, Шолпан болып шаттанып, Қарагөз болып қайғырып, Толғанай болып күңіреніп, ел жүрегінен жол тапты. Ол сахнада шебер ойнаумен қатар, сахнада өмір сүретін.
Фарида Шәріпова театрдағы әр рөлінде қайталанбас қолтаңбасымен дараланды. Жан жары Ыдырыс Ноғайбаевпен де осы киелі сахна төрінде табысқан болатын. Шыңғыс Айтматовтың атақты «Жәмиля» повесінде басты рөлді сомдап, бір-бірін ұнатқан өнерлі жұп, өмір айдынында 28 жыл бірге ғұмыр кешті. Тек театрда ғана емес, бірнеше кинокартинада да жұптары жазылмады.
«Мүслима», «Тұлпардың ізі», «Жол үстінде» туындылары арқылы танылған актрисаның әуезді дауысы да күні бүгінге халық жадында. Дубляж саласындағы ерен еңбегі де «Алтын қорда» мәңгі сақтаулы.