Ұлттық арна Шахандағы апаттан зардап шеккендерге көмек қолын созамын деушілер үшін арнайы байланыс жүйесін құрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна Шахандағы апаттан зардап шеккендерге көмек қолын созамын деушілер үшін арнайы байланыс жүйесін құрды

03.01.2017
Ұлттық арна Шахандағы апаттан зардап шеккендерге көмек қолын созамын деушілер үшін арнайы байланыс жүйесін құрды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы Шахан елді мекеніндегі апаттан зардап шеккен отбасыларға киім-кешек, басқа да  керек-жарақпен көмек қолын созамын деушілер үшін арнайы байланыс жүйесін құрды.  

Толық ақпарат алу үшін төмендегі телефон нөмірлері жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз:

(717) 2 55-38-50

8701 712 45 72

8 778 643 81 25

Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазіргі уақытқа дейін үйінді астынан қаза болған 9 адамның денесі аршып алынды. 

Қайғылы оқиғаға байланысты кеше Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Хабарламаларға жазылу