«Atyraý radiosy»-ның жаңа радиостудиясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Atyraý radiosy»-ның жаңа радиостудиясы ашылды

27.06.2019

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Атырауда «Қазақстан» телерадио корпорациясы Атырау облыстық филиалына қарасты «Atyraý radiosy»-ның жаңа радиостудиясы ашылды.

Телерадиохабардың алғашқы шығармалымы Арыстағы қайғылы жағдайға арналды. Жаңа хабардың алғашқы қонағы болған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев атыраулықтардың Арыс тұрғындарына жөнелткен көмектері туралы айтып берді. Жаңа форматта эфирге шыққан «Efirde 102.0 FM» телерадиохабарына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы келіп сұхбат берді. Ол Түркістан облысы Арыс қаласындағы жойқын жарылыстан зардап шеккендерге атыраулықтардың да әлеуметтік көмек аттандыратынын, өңір жұртшылығының Арыспен, бірге екенін жеткізді.

 

Нұрлан Ноғаев, облыс әкімі:

- Арыстағы жағадайға байланысты облыс жұртшылығы гуманитарлық көмегін жіберіп жатыр. Зардап шеккен ағайындарға көмек қолын созамыз

 

Хабарламаларға жазылу