Бейжіңді қою бұлт басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңді қою бұлт басты

14.12.2015
Бейжіңді қою бұлт басты

Қою бұлттың салдарынан Бейжің көшелерінде көрініс нашарлап кеткен. Кей жерлерде 500 метрге дейінгі аралық көрінбейді. Билік өкілдері ел азаматтарына ерекше қажетті жағдайларда болмаса көшеге шыға бермеуге шақырып отыр, амалсыздан көшеге шығуға тура келген жағдайда тыныс алу жолдарын қорғайтын арнайы маскаларды пайдалану қажеттігін ескертті.

Қытайда жағдайдың бұлайша қалыптасуына автомобильдердің түтіні мен жылу электрстанцияларының қалдықтары себеп болып жатады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Зияндық қалдықтар адамның ағзасында жинақталып қалады, ал, егер оның мөлшері шамадан тыс көп болса ол жүрек-қантамырлар жүйесіне әсер етеді. 

Желтоқсан айында Бейжің билігі қауіпті бұлттың пайда болуына байланысты экологиялық дабылдың ең жоғарғы «қызыл» белгісін енгізді. Ластанудың ең жоғары деңгейі 8-10 желтоқсан аралығына келген. Үкімет құрылыс жұмыстарын тоқтатып, мектептердің жабылуы қажеттігі жөнінде Үндеу жариялады. Үкімет сонымен қатар, бірқатар көлік түрлерінің қозғалысына да тыйым салды. 

Хабарламаларға жазылу