Басылымның хабарлауынша, жыл бойына аталмыш әртіс өзінің Prismatic World Tour турының аясында бүкіл әлем бойынша 126 концерт өткізген және әрбір көрсетілімнен 2 миллион доллардан кіріс көріп отырған. Бұған қоса, ол өте тиімді бірнеше жарнамалық келісім-шарт жасап, олар да әртістің қоржынына қомақты қаржы түсірген.
«Музыка өзгерді. Ән жазып, альбом шығару біздің жұмысымыздың тек бір бөлігі ғана болып қалды»,-деп сұхбат береді әртіс Forbes журналына.
Дәулетті әртістердің арасында Кэти Перриден кейінгі екінші орында британиялық One Direction поп-тобы тұр. Олардың жылдық кірісі 130 миллион доллар. Ал, үшінші орынға американдық кантри-орындаушы Гарт Брукс жайғасқан. Бір жыл ішінде ол оның тапқан кірісі 90 миллион долларды құрап отыр.