Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің баспасөз мәліметтері бойынша шараны ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры бірлесіп ұйымдастырмақ.
Конференцияның мақсаты –Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде тәуелсіз Қазақстанның қазіргі жағдайын сипаттау; ел егемендігін баянды ету жолында жүзеге асырылған жұмыстар мен болашаққа бағдарланған жоспарларды талдау.
Конференция жұмысына Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар қатысады деп күтілуде.