Нұрлан Нығматулин: Біз 25 жыл ішінде барлық қиындықты жеңіп, дамыған 50 елдің қатарына ендік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Нығматулин: Біз 25 жыл ішінде барлық қиындықты жеңіп, дамыған 50 елдің қатарына ендік

28.11.2016
Нұрлан Нығматулин: Біз 25 жыл ішінде барлық қиындықты жеңіп, дамыған 50 елдің қатарына ендік

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі». Бүгін Астанада осындай тақырыпта халықаралық конференция өтті. Шараны өткізуге Қазақстан Парламенті мен Сыртқы істер министрлігі ұйытқы болған.

Халықаралық конференцияға қатысушы шетелдік қонақтардың көбісі Қазақстанда алғаш рет болып отыр.

Іргесін бекітіп, еңсесін кеше ғана көтерген Тәуелсіз Қазақ елінің бүгінгі ғажап жетістіктері оларды таңдандырмай қоймады.  «Мұндай жетістікке жету батыл әрекетті, көрегенділік пен салмақты саясаткерлікті талап етеді». Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі тұлғалық қасиеті осылай бағалануда.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу