Ауыл тұрғындарына берілетін шағын несие көлемі 6 млн теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты.
Оның атап өтуінше, жұмыс берушілерге өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысшыларын оқытуға арналған грант беру олардың жұмыс орындары сақталған кезде ұсынылады. Бұл ретте гранттарды сақтаудың нақты шарттары қарастырылған. Атап айтқанда, кәсіби-техникалық білім беру ұйымдары оқуға бекіткен баға шегіндегі шығындардың 80 пайызы мемлекеттік грант есебінен жабылса, қалған 20 пайызын жұмыс берушілердің өздері қаржыландыруы тиіс.
Мұнан бөлек, министрдің сөзіне қарағанда, «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында 18-24 жастағы жұмыс істейтін жастарды кәсіби оқытуды ұйымдастыру жұмыс беруші жалақысыз олардың жұмыс орындарын сақтаған кезде жүргізіледі.
«Келесі бағыт жұмыс орындарын құруды ынталандыру шараларын қамтиды. Бұл ретте шағын несие беруді кеңейту, шағын тауарлар өндірісі орындарын ұйымдастыру ұсынылады», - деді ол.
Оның айтуынша, шағын несиелердің бір бөлігі ауыл адамдарына шағын өндіріс орындарын құруына жұмсалатын болады. Бұл ретте берілетін шағын несие көлемі 6 млн теңгеге дейін ұлғайтылады.
«Бұл шара «Бәйтерек» ҰБХ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын болады», - деді Т.Дүйсенова.