«Таңшолпанның» тілшісі Елбасы пәтер сыйлаған Иманқұловтар отбасында болып қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанның» тілшісі Елбасы пәтер сыйлаған Иманқұловтар отбасында болып қайтты

08.12.2015
«Таңшолпанның» тілшісі Елбасы пәтер сыйлаған Иманқұловтар отбасында болып қайтты

7 ай бұрын жолданған хатқа Мемлекет басшысы жауап беріп, жаңа үйден үш бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты.  

«Президентімізге хат жолдап, жауабын күтіп жүрдім. Әкімдік қызметкерлері шақыртып, «Сізге Елбасы пәтер сыйлады», дегенде қуанышымда шек болмады. Алты баламен қайда барамын деп жүргенмін. Қуаныштан жылап та алдым», дейді көпбалалы ана.

Бағым, Балым, Баубек. Бұл - үшемнің есімдері. Тұңғыштарын әкімдік балабақшаға орналастырып, отағасына жұмыс та тауып беріпті. Жылы үй, жайлы пәтердегі балалардың қуанышы өз алдына.

Иманқұловтар отбасының ендігі мақсаты - алты балаға дұрыс тәрбие беріп, оларды жеткізу.

«Қалған қиындықты өзіміз жеңуге тырысамыз. Зәулім үйден пәтерді Елбасымыз текке берген жоқ. Оның да сұрауы бар. Сұрауы - елін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу», дейді Айгүл Пірменова.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу