ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерен ерлік танытқандардың бірі - қазақтың қарымды қаламгері Қалмұқан Исабай. Ерлігінен бөлек, жазушының қазақ прозасындағы еңбектері де бір төбе. «Баян», «Ажал құрсауында», «Жұмбақ үй» туындылары кеңестік кезеңде жоғары бағаланып, оқырмандардың оң бағасына ие болды.
Буыны бекіп, бұғанасы қатпаған қағілез бала майданға мектеп қабырғасында жүріп аттанады. Соғысқа қатардағы жауынгер болып кіріп, офицер шенімен оралады.
Майдангер жазушының тырнақалды туындысы «Арман арнасымен» деп аталды.
Жазушының бастамасымен 2000 жылы Берлиннің бір көшесіне Абай Құнанбаевтың есімі беріледі. Екібастұз кенішін ашқан Қосым Пішембаев екенін дәлелдеп жазады. Ермак ескерткішін құлаттырып, қаланың атын Ақсу деп атауға ерекше еңбек сіңіреді.
Шоң би туралы шығармасын жазу үшін қаламгер 40 жыл мәлімет жинаған. Соғыстан кейінгі өмірін шығармашылыққа арнаған жазушының ұрпаққа мұра болып 40-қа жуық кітабы қалды.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.