Кёкенхоф – Нидерланд Корольдігіндегі ең танымал гүлдер бағы (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кёкенхоф – Нидерланд Корольдігіндегі ең танымал гүлдер бағы (ФОТО)

06.12.2015
Кёкенхоф – Нидерланд Корольдігіндегі ең танымал гүлдер бағы (ФОТО)

Кёкенхоф – Нидерланд Королдігіндегі ең танымал гүлдер бағы. Оны «Еуропа бағы» деп те атайды. Ол Амстердам қаласынан 20 шақырым қашықтықта Лиссе қаласының маңында орналасқан. Мұнда жыл сайын түрлі гүлдер фестивалі мен карнавалдар ұйымдастырылады.

Кёкенхоф бағы 32 гектер аумақты құрайды. Бақтың жобасы 1840 жылы жасалған. Ал, 1949 жылы алғаш гүлдер көрмесі ұйымдастырылған.

Бұл гүлдер бағының құрылысы жыл сайын түрлі тақырыптарға сәйкес өзгеріп отырады. Сондай-ақ, бақты 800 мыңнан аса турист тамашалайды.

Мұнда 100 түрлі қызғалдақ және орхидея, нәркес, мамыргүл (сирень) және тағы басқа 7 миллионан астам гүл өсірілген.

Кёкенхоф бағында «Жұлдыздар аллеясы» да бар. Бақтан танымал адамдардың атына арнайы шығарылған қызғалдақ сұрыптарын тамашалауға болады.

 

Сурет: www.duliebstravel.org

Хабарламаларға жазылу