Миды жаттықтыру тәсілдері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миды жаттықтыру тәсілдері

06.12.2015
Миды жаттықтыру тәсілдері
  1. Күнде B12 дәрумені бар қоспаларды пайдалану керек. B12 дәрумені миды дамытады, оның көлемін ұлғайтады.
  2. Кешкі асты ертерек ішу керек. Және ол майлы тағам болмағаны абзал. Жеңіл кешкі ас жақсы ұйықтауға, миды тынықтыруға көмектеседі.
  3. Бадамды күнделікті қолданған жөн. Бадамда Е дәрумені көп. Е дәрумені қартаюдың алдын алады. Сондай-ақ, бадамның құрамындағы амин қышқылдары зейін қою қасиетін жақсартады. Алайда, бадамды шектен тыс пайдаланбау керек.
  4. Ән тыңдаңыз. Ғалымдардың зерттеуінше, баяу, әуезді ән тамыр соғысын бәсеңдетіп, қан қысымын төмендетеді. Миды тынықтырып, қуаттауға көмектеседі.
  5. Алма шырынын көп ішу керек. АҚШ ғалымдары: «алма шырыны ағзадағы нейромедиаторлар санын көбейтеді. Ол еске сақтау қабілетін арттырады», дейді. Сондай-ақ, алма шырыны Альцгеймер ауруының алдын алады.  
  6. Кітап оқу қажет. Кітап оқу миға психикалық күш түсіру әрекетін 68 пайызға азайтады.
  7. Табиғат аясында көп қыдыру қажет. Таза ауада демалу миды жаңа энергиялармен қуаттайды. Еске сақтау қабілетін арттырады.
  8. Бір мезетте бірнеше жұмыс атқармау қажет. Ол миға қатты әсер етеді. Адамның зейін қою қабілетін төмендетеді. Сондай-ақ, күйзеліске ұшыратуы да мүмкін.
  9. Белгілі бір хоббимен айналысу қажет. Хобби күнделікті проблемалар мен күйзелістерден адамның көңілін аулайды.
  10.  Массажға бару керек. Массаждың ми мен денеге пайдасы зор. Массаж мидың дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Хабарламаларға жазылу