Жазда «Қазақстан КВН Одағының» 10 жылдық мерейтойына орай «Туған күн – 2015» республикалық арнайы жобасы өткен болатын. Мұндай жобаны ұйымдастыру жыл сайын дәстүрге айналған.
Ойынның басты ерекшелігі — соңғы төртжылдықтың чемпиондары мен Жоғары лигада өнер көрсетіп жүрген командалар бірігіп сайысқа түседі.
Сайыскер командалар:
- «ҚазҰУ құрамасы » және «Жаснар»
- «Назар аудар» және «Сағыз»
- «Экспресс» және «Күлтегін»
- «Аралас» және «Қармақшы құрамасы» болып бірікті.
Әзіл кешіндегі түрлі қызыққа тағы бір батамын десеңіз, бүгін 22:40-та Ұлттық арнаны қосыңыз!