«Саз керуен». Желтоқсан айы бойынша үздік әнге дауыс беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саз керуен». Желтоқсан айы бойынша үздік әнге дауыс беру басталды

04.12.2015
«Саз керуен». Желтоқсан айы бойынша үздік әнге дауыс беру басталды

«Шалқар» ұлттық радиосының «Саз керуен» бағдарламасында - жаңа айналым. Әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-22:00 аралығында радио эфирі арқылы үздік әндерге дауыс беру жалғасуда. Сондай-ақ, тыңдармандардың әлеуметтік желі арқылы ой-пікірлерін білдірулеріне мүмкіндік бар. 

Дауыс беру тікелей эфирде sazkeruen@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады. Ай қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болған ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады.

Айта кетейік, қараша айының қорытындысы бойынша әнші Бейбіт Қорғанның орындауындағы «Сен қуанышым» әні үздік деп танылды.

Саз байқауы 12 ай бойы жалғасады. Жыл соңында үздік шыққан бір ғана ән «Жыл әні» атағына ие болмақ. Жоба авторы әрі жүргізушісі - Айсәуле Бейсенхан.

Желтоқсан айында төменде көрсетілген әндерге дауыс бере аласыздар:

«Еркем» - Заттыбек Көпбосынұлы

«Аңсағаным»  - Абай Бегей

«Ай, ай жаным» - Ақбота Керімбекова

«Жан жарым» - Аршын Жолдасхан

«Бәрі жақсы болады» - Әсел Ергеш

«Бір барайық арманға»  - «Хан-Тәңірі» тобы

«Қыз бақыты» - Ләззат Байырбекова   

«Оразалының толғауы» - Еркегүл Айдолқызы

 

Хабарламаларға жазылу