Ауыл дәрігері Джон Данлобтың баласы кезекті рет велосипедтен құлаған кезде ол қандай да бір өзгеріс жасау керектігін ойлады. Ол өзгеріс бала тәрбиесіне емес, велосипедке қатысты еді. Себебі, таң атқаннан кеш батқанға дейінгі уақытта оның ұлы күнде бір оқиғаға тап болатын.
XIX ғасырдың басында велосипедтің барлық бөлігі темірден болған еді. Тіпті оның дөңгелегі де. Сондықтан, көліктің педалін айналдырған сайын жайсыздық туындайтын.
Джон Данлоб баласының аяғын таңу үшін дәріханадан дәрі-дәрмек алып қайтып келе жатқанда түрлі ойға берілді. Кенет оның аяғы әлденеге шалынып, шалқасынан түседі. Құлауына себеп болған гүлзарды суаруға арналған резеңке шланг еді.
Сол сәтте Джонның басына керемет идея келе қалды. Ол осы шлангты велосипедке қолданып көруді ойластырды. Содан шлангтың шағын ғана бөлігін кесіп алып, дөңгелекке бекітті. Қауіпсіздік үшін төрт жерден жіппен байлады.
Сосын оның ішін сумен толтырып, тесігін ағаш тығындымен жапты. Сөйтіп, сынақ басталды. Алайда, велосипед жүргізуде еш жайсыздық болмағанымен, резеңке шинадағы судың қысымына ағаш тығынды шыдамады. Сол кезде ол оған су емес, ауа толтыруды ұйғарды. Кезекті сынақ кезінде Джонның конструкциясы бұл жолы да кәдеге жармады.
Осыдан кейін өнертапқыш дөңгелектің ішіне резеңке түтік орнатты. Және ауаны өткізіп, кері шығармайтындай тығынды да жасады. Бұл жолы велосипед дөңгелегінен жел шықпайтын болды. Сынақ сәтті аяқталған соң Джон Данлоб патент алуға асықты.
Осы еңбегі үшін ол №10607 патен құжатын алып қайтты.