А.Айымбетов «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында қонақта болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Айымбетов «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында қонақта болды

20.02.2016
А.Айымбетов «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында қонақта болды

Халық қаһарманы онда ұжымның тарихымен танысып, бүгінгі таңда атқарып жатқан қызметтері жөнінде пікір алмасты.

А.Аймбетовпен сұхбаттасқан «Қостанай-Қазақстан» телеарнасының өкілдері Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері тілшілер қауымымен тез тіл табыса алатын қасиетке ие деген пікірде.

«Себебі, оның атқаратын қызметі БАҚ өкілдерімен тығыз байланысты. Осыған қарай, ғарышкер интервью беру, сұхбат өрбіту сияқты қасиеттерді жақсы меңгерген. Бұл қағидаттарды Халық қаһарманы ғарышқа ұшпай тұрып та, ұшқаннан кейін де толық орындап келеді. Ғарышкердің  «Қазақстан-Қостанай» телеарнасына ат басын бұруы да осы себептен болса керек.  Ақпарат тарататын мекемеде мейман болған ол жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап беріп,  тікелей эфирде өз мамандығының қыр-сырымен бөлісті»,-делінген «Қостанай-Қазақстан» телеарнасы таратқан баспаөз мәліметтерінде.

 

Хабарламаларға жазылу