Қызылордада автобус құрастыратын зауыт салынатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада автобус құрастыратын зауыт салынатын болды

03.12.2015
Қызылордада автобус құрастыратын зауыт салынатын болды

Естеріңізге сала кетейік, Андрей Кашечкин бұған дейін облыстың  туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыруды, велокоманда құруды және байқоңыр брендін насихаттауға ниетті екенін білдірген болатын.

«Біз аймағымыздың өнеркәсібін ең алдымен өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүдделіміз. Бірнеше ай ішінде германиялық әріптестермен бірлесе үй құрылысы комбинатын, қытайлық серіктестермен бірге цемент зауытын салуды бастаймыз. Одан бөлек, жақында ет комбинаты мен томат пастасын шығаратын зауытты іске қосамыз. Атақты жерлесіміз Андрей Кашечкин де өңір үшін өз үлесін қосқысы келеді. Облыста велокоманда құрылып, команда формасының дизайны жасалды», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 

Андрей Кашечкин өз кезегінде аймақ басшысына қолдау көрсетіп жатқанына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, «VanHool» (Бельгия) компаниясының бас директоры Геерт Ван Хеке автобус құрастыратын зауыт салатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу соңында Қызылорда облысының әкімдігі мен «VanHool» компаниясы Қызылорда облысында автобус құрастыратын зауыт салуға байланыс және  «Caspian Services» компаниясымен «Байқоңыр» кешенін дамытуға байланысты меморандумдарға қол қойылды.

Хабарламаларға жазылу