Кескіндемеші Тұрсын Әбуов «Мәңгілік ел» атты туындысын жария етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кескіндемеші Тұрсын Әбуов «Мәңгілік ел» атты туындысын жария етті

03.12.2015
Кескіндемеші Тұрсын Әбуов «Мәңгілік ел» атты  туындысын жария етті

Кескіндемеші, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Тұрсын Әбуов туындыларының басты тақырыбы – тұлғалар портреттері, қазақы дүниетаным, салт-дәстүр мен тарих.  Еңбектерінің өлшемі мен көркемдік шешімдері жағынан рекордтар кітабына енген қылқалам шебері биыл «Мәңгілік ел» идеясын өзек еткен жаңа туындысын жария етті.

«Мәңгілік ел» композициясында мемлекетіміздің арғы-бергі тарихындағы елеулі оқиғалар мен ел дамуында із қалдырған айтулы тұлғалар бейнеленген.

«Кепкен ағаштардың ішінен іші қуыс ағаш таптым. Содан «Қазақ елі – мәңгілік ел», деген оймен жұмысты бастадым. Ағаштың басына шаңырақ орнатып, бір жағына «Алтын адам» бейнесін салдым»,-дейді суретші.

Тұрсын Әбуов туындыларының арасынан «Жеңістің 70 жылдығы», «Аңшы», «Бата» сияқты картиналары мен «Асау үйрету», «Қорқыттың қобызы», «Апамның қазаны» атты көркем мүсіндерді де ерекше атауға болады.

Сонымен қатар, ол Алматыдағы өзі тұратын ауданды мүсіндермен көріктендіруді қолға алып, қоғам ісіне де етене араласуда.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу